ШҚО-дағы еріктілер өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмектесті
Биыл әр өңірде волонтерлік қозғалыс орталықтары қарқынды жұмыс істеді, олар жастарды пайдалы болуға және басқаларға өтеусіз көмектесуді үйренуге талпындырып жүр.
Қоғамдық келісім орталығы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Алтай Достық үйінің Қазақстан халқы Ассамблеясының еріктілері өмірлік қиын жағдайға тап болған бірнеше отбасыға көмектесті.
Волонтерлік команда өз күштерімен қажетті киімдерді, атап айтқанда балалар мен жасөспірімдерге арналған заттарды жинап, оларды Алтай қаласындағы екі отбасына және Тұрғысын ауылында тұратын отбасына табыстады.
– Біздің команда мүшелерінің әрқайсысы игі іске ерекше ықыласпен қарай отырып, балаларға арналған заттарды сүйіспеншілікпен және қамқорлықпен іріктеп алды. Барлық үш отбасына жеткілікті заттардың бар екеніне көз жеткізіп, біз жұмыспен қамту бөлімінің мамандарымен бірге жолға шықтық, – дейді Алтай ауданы ҚХА еріктілер қозғалысы орталығының жетекшісі Ирина Тимофеева.