ШҚО-ға тағы 216 жедел жәрдем көлігі алынады

Шығыс Қазақстан облысында жедел жәрдем жүктемесін және күту уақыты қысқарту үшін автопарк 216 бірлікке кеңейтілуде, оның ішінде 100-і бюджет есебінен, 116-сы Қазақстан Даму банкінің лизингі арқылы. Әр машина толық жабдықталатын болады.
Талдау қорытындысы бойынша жабдықтардың 35%-ы қалалық, 65%-ы аудандық медициналық ұйымдарға бөлініп отыр.
Көлік медицинасын дамыту үшін қолда бар 6 жылжымалы медициналық кешенге қоса тағы 10 кешен сатылып алынады, бұл барлық қала мен ауданды қамтуға мүмкіндік береді.
«Екінші толқынға» дайындық аясында денсаулық сақтау саласына барлығы 22,4 миллиард теңге салынып отыр.
Оқи отырыңыз