KZ
Өскемен
-17°
ясно жел 2 м/с, С
499.76 521.7 5.63

Грузия мен Қытайға жаңа әуе рейстері ашылады

pixabay.com

Кеше, 12:00 268 Төлеуғазы Жансая

Көлік министрлігінің жаңа халықаралық рейстерді ашу бойынша жүргізіп жатқан жұмысы шеңберінде қазақстандық әуекомпаниялар Грузия мен Қытай бағыттары бойынша жаңа рейстерді іске қосады, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Мәселен, биылғы жылдың 27 мамырынан бастап "Air Astana" әуекомпаниясы Атыраудан Тбилисиге тікелей рейстерді іске қосуды жоспарлап отыр. Рейстер аптасына 3 рет сейсенбі, жұма және жексенбі күндері Airbus типті әуе кемелерімен орындалады. Бүгінгі таңда Тбилисиге рейстер Алматы және Ақтау қалаларынан орындалады.

Сонымен қатар биылғы жылдың 28 мамырынан бастап "SCAT" әуекомпаниясы Шымкент қаласынан Сиань қаласына тікелей рейстерді іске қосуды жоспарлап отыр. Рейстер сәрсенбі және сенбі күндері орындалады. Қазіргі уақытта Сиань қаласына тікелей рейстерді Қытай әуекомпаниялары Алматы мен Астанадан орындайды.

Жаңа бағыттардың ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етпек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу