KZ
Өскемен
-21°
туман жел 1 м/с, С
502.47 525.83 5.68

ШҚО-да екпелерден бас тартатын ата-аналар саны көбейіп отыр

Фото: depositphotos.com

Кеше, 16:30 252 Төлеуғазы Жансая

Жаңа туған нәрестелердің денсаулығын қорғау мақсатында перзентханаларда міндетті түрде туберкулез бен «В» гепатитіне қарсы вакциналар егіледі. Бұл – инфекциялық аурулардың алдын алуда аса маңызды қадам. Дегенмен, кейбір ата-аналар осы екпелерден бас тартуда. Бұл мәселе жыл сайын өсіп келеді және қоғам мен медицина саласының назарын талап етеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Облыс бойынша жаңа туған сәбилерді вакцинациялау деңгейі жоғары, туберкулезге қарсы екпемен қамту – 97,4%, ал «В» гепатитіне қарсы екпемен қамту – 96,3%. Дәрігерлер ата-аналармен тұрақты түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Соған қарамастан екпеден бас тарту фактілері көбеюде,дейді ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәуле Слямғазина.  

2023 жылы 112 ата-ана вакцинадан бас тартса, 2024 жылы бұл көрсеткіш 133-ке жетті. Оның ішінде Өскеменде 59 (44,4 пайыз), Глубокое ауданында 36(27,1 пайыз), Алтай ауданында 10 (7,5 пайыз) жағдай тіркелді.  

Бас тарту себептерін талдасақ, 113 факт (84,9%) – вакцинаға сенімсіздік, 3 факт (2,3%) – діни наным-сенімге байланысты себептер, 3 факт – негативті ақпараттың ықпалы.  

Жаңа туған балаларға вакцина салу – олардың инфекциялық аурулардан қорғануының басты кепілі. Сондықтан дәрігерлер мен денсаулық сақтау мамандары ата-аналармен тығыз байланыста жұмыс істеп, екпенің маңыздылығын түсіндіруді жалғастыруда.

Вакцинациядан бас тартудың алдын алу үшін халық арасында ақпараттық жұмыстарды күшейту қажет. Бұл шаралар болашақ ұрпақтың денсаулығын нығайтуға ықпал ететіні сөзсіз.

 Ержан Әбіш

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу