ШҚО: Прапорщиково мен Қасым Қайсеновте жаңа мектептер салына ма?
Облыстық әкімдік отырысында өтіп жатқан жиында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Прапорщиково, 23-ші шағын аудан және Қасым Қайсенов кентіндегі мектептердің қажеттіліктеріне қатысты нақты тапсырма берді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
ШҚО құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Руфат Акрамовтың мәлімдеуінше, Прапорщиково және Қасым Қайсенов кентінде мектеп салуға арналған жер учаскелері анықталған.
Болашақта бұл бағытта қажетті жобалар әзірленіп, тиісті жұмыстар жүргізілетін болмақ.
Оқи отырыңыз