Катонқарағайдағы жатақханада төрт-ақ студент тұрады

Үлкен Нарындағы Агротехника колледжінің жатақханаларына рейд жүргізілді.
– Jas Otan жастар қанатының мүшелерімен бірге колледждің жатақханасына жүргізілген алдын алу шарасы барысында ешқандай талапқа қайшы дүние байқалмады. Студент үйінде студенттерге қолайлы жағдай жасалған екен. Бұл рейд жұмысы Елбасының «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты үндеуі аясында жасалды. Елбасы студенттер туралы үшінші бастамасында айтқан болатын, – деді аудандық Nur Otan партиясы филиалының маманы.
Аталмыш колледжде 119 студент бар. Олар қазіргі таңда онлайн режимде қашықтан білім алып жатыр. Рейд ұйымдастырушыларының айтуынща, оқу орында компьютер және өзге де жабдықтар жеткілікті. Санитария құрал-жабдықтары түгел. Жатақханада тек төрт студент қана тұрады.