KZ
Өскемен
-22°
плотный туман Штиль
499.76 521.7 5.63

Глубокое: Пошта жәшіктеріне коронавирус туралы хабарлама келіп түсіп жатыр

30.10.2020, 10:30 136

«Маска тағуды ұмытпаңыз!». Глубокое тұрғындарының пошта жәшіктеріне осындай хабарламалар келіп түсіп жатыр.

Аудандағы жастар ресурстық орталығының мүшелері коронавирустың екінші толқынына байланысты осындай акция бастады.

– Әлеуметтік желіні пайдаланбайтын егде жастағы тұрғындарға жағдайды түсіндіру жұмысына кірістік. Біз қалдырған хатта медициналық маска тағу, адам көп жерлерде аралық сақтау және мүмкіндігінше үй ішінде қалудың тиімділігі ескертілген, – дейді орталық директоры Гүлмира Ордаханова.

Аудан жастары «індет қайта өршіп келе жатыр, өзіңізді және жақындарыңызды сақтандырыңыз» дейді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу