Covid-19: ШҚО-дағы эпидемиологиялық жағдай туралы толығырақ
Облыс аумағында барлығы 9197 COVID-19 жағдайs тіркелген, оның ішінде 5417 клиникалық симптомдармен, 3780 симптомсыз, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Өткен тәулік ішінде 30 жағдай тіркелді, оның 26-сы симптомды (с), 4 симптомсыз (с/з) вирус тасымалдаушылары. Бір тәулік ішінде COVID-19 сәйкестендірілмеген (пневмония) 4 жағдай тіркелді. Атап айтқанда:
Жарма ауданында – 1,
Зайсанда – 1,
Катонқарағай ауданында – 1,
Шемонаихада - 1.
Тіркелген КВИ-дің жаңа 30 жағдайының ішінде:
- 3 (с) Өскемен қ.
- 2 (с), 1 (с/з) Семей қ.
- 4 (с) Алтай ауданы
- 2 (с/з) Аягөз қаласы
- 2 (с) Риддер қаласы
- 2 (с) Глубокое ауданы
- 2 (с) Күршім ауданы
- 2 (с) Тарбағатай ауданы
- 2 (с) Катон-Қарағай ауданы
- 2 (с) Көкпекті ауданы
- 1 (с), 1 (с/з) Шемонаиха ауданы
- 1 (с) Курчатов қаласы
- 1 (с) Бородулиха ауданы
- 1 (с) Жарма ауданы
- 1 (с) Ұлан ауданы
⠀
Бір тәулік ішінде анықталған ошақтар саны - 30, науқастармен байланыста болғандар – 150. Жалпы осы уақытқа дейінгі оқшауланған 252 ошақтағы байланыста болған 924 азамат бақылауда. Барлығы үй карантиніне жатқызылды. Күн сайын медициналық бақылау бойынша мониторинг жүргізіледі.