KZ
Өскемен
-1°
пасмурно Штиль
494.87 520.65 4.91

ШҚО-да 16 адам иіс тиіп уланды

15.10.2020, 07:15 138

Шығыс Қазақстан облысында жылыту маусымы басталғалы аз ғана уақыт болды. Жер үйде тұратындар енді ғана отын тұтатып, пеш жағуда. Алайда бүгінге дейін иіс тиіп уланғандар саны 16 адамға (бесеуі көз жұмды) жетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Кеше ғана Семейге қарасты Шақаман ауылының төрт тұрғыны уланды. Таңсәріде басы ауырып оянған отанасы түтіннің иісін сезген. Бірден балаларды далаға алып шығып, жедел-жәрдем шақырыпты. 19 жастағы қыз бала және 15 жастағы жеткіншек ауруханада жатыр. Ал 5 және 6 жастағы екі балақай дәрігерлердің қарауынан кейін үйлеріне қайтты.

Мамандардың айтуынша, бұл оқиғаның басты себебі – мұржаның тазаланбауы. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, өрт сөндірушілер тура бір ай бұрын Шақамандағы осы үйге барып, қауіпсіздік шаралары туралы түсіндірген.  

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу