KZ
Өскемен
-6°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, Ю
501.31 520.11 5.33

Шығыс Қазақстанда IQ лагеріне қатысқан үздік оқушылар марапатталды

14.10.2020, 13:51 138

Жазда Шығыс Қазақстанның оқушылары IQ-лагерінде онлайн режимінде ҰБТ-ға дайындалды, математика және ағылшын тілі бойынша олимпиадаларға, мәнерлеп оқу конкурсына және зияткерлік викториналарға қатысты.

Биылғы жыл волонтерлік қызмет аясында өтуде. Осы орайда "Қазақстан волонтерлер Альянсы" ЗТБ бастамасы бойынша ауыл мектептерінің мұғалімдері, студенттер қатарынан 100 волонтер ауылдық жерлердегі орта мектептердің 1 мың оқушысын оқытуға бағытталған "Birgemiz: Bilim" жобасы пайда болды.

Осылайша, 7 шілде мен 17 тамыз аралығында Шығыс Қазақстанның ауыл оқушыларына арналған IQ онлайн-лагерінің екі маусымы ұйымдастырылды.

Лагерьге қатысу үшін әр ауданда 10-20 оқушыдан жасақтар құрылды. Жалпы, екі маусымда IQ лагерінде 200-ден астам бала білім алды. Оқушылар күн сайын 3-4 іс – шара бойынша кесте-түрлі бағыттар бойынша бейнесабақтар алды, түрлі конкурстар мен олимпиадаларға қатысты. Оқу үшін арнайы сайт құрылды "Birgemizbilim.kz" онда ҰБТ-ға дайындық, ағылшын тілі, құқықтық және компьютерлік сауаттылық бойынша қазақ және орыс тілдерінде 120-ға жуық бейнесабақтар орналастырылған. Жалпы, "Қазақстан еріктілері Альянсының" өкілдері атап өткендей, жоба аясында білім беру ресурсын облыстың барлық балалары мен мұғалімдері пайдалана алады.

Жазғы уақытта оқушыларды оқуға ынталандыру үшін оларды табыстылық рейтингісінің қорытындысы бойынша бағалы сыйлықтармен марапаттау туралы шешім қабылданды. Жобаның сараптау комиссиясы 24 белсенді, үздік оқушыны іріктеп алды, оларды ноутбуктермен, планшеттермен және робототехника бойынша құрал-жабдықтармен марапаттады.

Лагерьге қатысушылар арасында Верх-Уба жалпы білім беретін орта мектебінің оқушысы Глеб Коробейников жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, Камышенка орта мектебінің оқушылары Медет Тұрсынғалиев, Әділет Тұрғанбаев, Аяулым Бағзорова, Новопокровка орта мектебінің оқушылары Тимур Кизатов, Юлия Лопатина, Александра Бахтиярова, Үлкен Нарын орта мектебінің оқушылары Диляра Абенова, Мөлдір Уалханова, Эльмира Қадылова, Арыстан Құмарбеков, Вероника Кузнецова, Полина Лукьянова, Сергей Имажбаев үздік атанды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу