Өскемен - Қалбатау автожолын қайта құру жұмыстары жүргізілуде

Соңғы жылдары атқарылған жұмыстар қаланың сол жағалау бөлігінде жаңа тиімді көлік инфрақұрылымын құруға мүмкіндік берді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Мысалы, Шешек асуы арқылы өтетін жол Самар бағытындағы қозғалысты ыңғайлы етті. Өскемен-Семей автожолын қайта құру мен Ғайса Аязбаев көшесін жөндеу жұмыстары батыс бағыттағы қозғалысты жеңілдетіп, жеделдетті.
Қазір облыста Өскемен - Қалбатау автожолын қайта құру жұмыстары жүргізілуде, бұл жол көбіне Алматы тас жолы ретінде таныс. Мұнда заманауи төртжолақты магистраль пайда болып келеді.
-Алайда Өскеменге кіреберіс тұста ол қанағаттанарлықсыз жағдайдағы екіжолақты тар жолға айналады. Осыны ескере отырып, қаланың шекарасынан Жібек Жолы көшесіне дейінгі аралықтағы учаскені қайта құру бойынша жұмыстар қолға алынды. Бұл жерде төртжолақты жол жасалмақ. Сондай-ақ жобаға тротуар мен жарық желісі де кіреді, - дейді Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар.
Қазіргі уақытта дайындық жұмыстары басталып кеткен екен. Әкімнің айтуынша, негізгі көлемі 2023 жылы атқарылады.