Зайсан әкімі аудан мектептерін аралап жүр
![](/kz/uploads/posts/iblock/563/563a2fc71c3372ca439d774bf28c8e61.jpg)
Зайсан әкімі аудан мектептерін аралап жүр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Серік Зайнулдин бірнеше күн бұрын Біржан ауылына барып, ондағы білім ошағының жай-күйін біліп қайқан еді. Аудан басшысы бұл жолы Сарытерекке ат басын тіреді. Ауылдық мектепті аралап, санитарлық талаптардың сақталғанына көз жеткізді. Сондай-ақ әкім мырза мектептің қысқы маусымға дайындығын қадағалады.
Айта кетейік, осыған дейін Серік Зайнулдин қысқы маусымға дайындықты басты назарға алғанын айтып, жауапты мамандарға тапсырма берген болатын.