KZ
Өскемен
+13°
ясно жел 5 м/с, СБ
479.71 533.77 5.16

Өскемен көшелерінен ашық жатқан люк көрсеңіз 138-ге хабарлаңыз

25.12.2018, 04:29 187

Тротуарлар мен жол бойында қақпақсыз ашық жатқан кәріз шұңқырын көрсеңіз, қала әкімдігіне мәлімдеңіз. Диспетчерлік қызмет номері – 138, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бүгіннен бастап «Өскемен Тәртіп» КММ, «Өскемен Водоканал» КММ, «Өскемен жылу желілері» АҚ және басқа да жер асты коммуникацияларының люктеріне иелік ететін ұйымдар кәріздердің жай-күйін тексере бастайды. Қандай да бір люк ашық қалса, оған жауапты ұйым тиісті шара қолданады.


Ашық қалған люкті көзіңіз шалса, бірінші кезекте қала әкімдігінің диспетчерлік қызметіне хабар беріңіз, тел: 138. Ол жердегі мамандар жауапты ұйымды анықтап, тез арада жөндеуге тапсырма береді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив