KZ
Өскемен
+6°
ясно жел 3 м/с, С
479.71 533.77 5.16

Мектептерде арнайы пункттер ашылды

5.08.2012, 18:00 213




Өскеменде 1-тамыздан басталған «Мектепке барар жол» қайырымдылық акциясы 30-тамызға дейін жалғасады. Өскемен қаласы Қазақстанда бірінші болып ЮНИСЕФ-тің «Балаға мейірімді қала» халықаралық жобасын жүзеге асыра бастады және бұл бастаманы қолдайтын әлемнің 893 қаласының қатарына кірді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл дегеніміз жас азаматтардың өмір сүруіне жақсы жағдайлар жасауға мемлекеттік басқару органдары ғана емес, сондай-ақ, бизнес құрылымдары, азаматтық секторлары да қатысатындығын көрсетеді. Осылайша 1 мен 30-тамыз аралығында жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен қала мектептерінде өмірлік жағдайы қиын балаларды қолдағысы келетін жандардан кеңсе заттары, балалар киімдері мен аяқ киімдерін қабылдайтын пункттер ашылды:

Мектептер: №5 (Алтай к, 36, тел:576037), №6 (Прибрежная к, 85, тел:207145), №8 (Демьян Бедный к, 26, тел:532983), №9 (Абай д, 5в, тел:759665),№13 (Правда к, 3, тел:295487), №19 (Қабанбай Батыр к, 74, тел:206039), №22 (Октябрь к, 120, тел:502494), №26 (Өтепов к, 1, ТЕЛ:219489), №27 (Бажов к, 339/1, тел:554644), №32 (Западный қ, 14, тел:532460), №37 (Амур к, 12, тел:551102), №39 (Орджоникидзе к, 12а, тел:261972), №42 (Воронин к, 34, тел:551123).

Акция өткізу кезеңінде шұғыл желілік телефон жұмыс істейді:

260940 – қала әкімдігіндегі акцияны ұйымдастыру комитетінің телефоны;

241191 – Өскемен қаласының білім бөлімінің телефоны;

262313 – отбасын және балалықты қолдау орталығының тәулік бойғы сенім телефоны.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив