KZ
Өскемен
+17°
пасмурно жел 3 м/с, З
439.4 473.54 4.76

Мектеп асханаларын жалға беру мерзімін ұзарту керек - Жақсылық Омар

24.12.2018, 08:37 125

Мектеп асханаларын кем дегенде бес жылға жалға беру керек. Өскемен қаласының бірқатар білім ордаларын аралап, жұмысымен танысқан қала әкімі Жақсылық Омар мектеп асханаларын жалдау уақыты да тым қысқа екендігін сынға алды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Өйткені, шаһар басшысының пікірінше, жалға алушы бір жылдың ішінде салған қаражатын ақтап үлгермейді.


– Егер заң аясында мүмкіндік болса, бір жылды бес жылға дейін ұзарту керек. Сонда кәсіпкер де бес жылға деген сеніммен тұрақты жұмыс істейді. Асхана жабдықтарын да өз қаржысы есебінен жаңартады, салған қаржысын да ақтап алады. Ал бір жылдың ішінде ештеңеге де үлгермейді. Сондықтан, бұл мәселені алдағы уақытта қайта бір қарастыру қажет, - деді Жақсылық Омар.


Осыған орай қалалық білім бөлімінің басшылығына мәселені жете зерттеуді тапсырды. Қала әкімінің ойын, мектеп асханаларын жалға алушылар да құптап отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив