KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 6 м/с, СБ
439.4 473.54 4.76

ШҚО-да жыл басында болған таксистің өліміне қатысты оқиғаның беті ашылды

24.12.2018, 07:25 92

Жыл басында болған таксистің өліміне қатысты оқиғаның беті ашылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Ақпан айында жол сақшылары «ВАЗ-2107» маркалы көлігінен кісі қолынан қаза болған адам денесін тапқан болатын. Оның жеке жүк тасымалымен айналысатын 62 жастағы адамның денесі екендігі анықталған. Семей азаматы.


Шиеленісті уақиғаның анық-қанық ашуға құзыретті органның тәжірибелі мамандары жұмылдырылды. Жағдайды Семей полиция басқармасының басшысы бақылады.


Бейнетаспа арқылы бұл оқиғаға қатысты 29 жастағы қаланың тұрғыны ұсталды. Бұрын сотты болмаған екен ол.


Қазір заттай айғақтар алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер оқиғаның қалай болғандығын анықтап жатыр.


Ал күдікті тәртіп сақшыларының қарауында.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив