KZ
Өскемен
+17°
пасмурно жел 9 м/с, ОБ
481.84 531.33 5.07

Орталық Азия елдерінің ортақ визасы ақпанда іске қосылуы мүмкін

21.12.2018, 03:05 233

Оқырмандардың есінде болар...Ағымдағы жылдың қыркүйек айында біз Орталық Азия елдерінің өз «шенгені» болуы мүмкін деп жазған едік. Осыған байланысты Спорт және мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамәдиев «Қазіргі таңда Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы виза мәселесі шешіліп жатыр. Бұған Қырғызстан мен Тәжікстан да қызығушылық танытуда. Егер елдер өзара түсінісіп, ортақ келісімге келсе, алдағы уақытта Орталық Азия мемлекеттерінің «шенген визасын» әзірлеу мүмкін болмақ» деп пікір білдірген болатын. Ортақ виза ақпан айынан бастап іске қосылмақ, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Қазақстан мен Өзбекстан келесі жылдың басында Silk visa ортақ қызметін іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Өзбекстан Республикасы Мемлекеттік туризм комитеті төрағасының бірінші орынбасарының міндетін атқарушы Ұлықбек Қасымқожаев мәлім етті. Оның айтуынша, виза Орталық Азия аймағына шетелдік туристерді бірлесіп тарту және бұл маршрутты әйгілеу үшін енгізіліп отыр. Алдын ала болжамға сәйкес, «Silk visa» өз жұмысын алдағы жылдың ақпан айында бастайды.


«Біздің бағалауымызша, бұл қызмет 2019 жылдың ақпанында іске қосылады. «Silk visa» жобасы екі елдің ведомстволарында келісілген. Енді оның техникалық тұсын және жабдықтарын келісу мәселелері қалып отыр», - деді Ұ.Қасымқожаев.


Қасымқожаев бірлескен визаға Қырғызстан мен Тәжікстан қызығушылық танытып отырғанын атап өтті. Бұл ретте, қазақстандық тарап бұл жобаға Әзербайжан мен Түркия елдерін тартпақ.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив