KZ
Өскемен
+17°
пасмурно жел 9 м/с, ОБ
481.84 531.33 5.07

Орталық Азия елдерінің өз "шенгені" әзірленуі мүмкін

18.09.2018, 05:50 303

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Орталық Азия елдерінің арасында «Шенген визасын» әзірлеуді ұсынды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


– Қазіргі таңда Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы виза мәселесі шешіліп жатыр. Бұған Қырғызстан мен Тәжікстан да қызығушылық танытуда. Егер елдер өзара түсінісіп, ортақ келісімге келсе, алдағы уақытта Орталық Азия мемлекеттерінің «шенген визасын» әзірлеу мүмкін болмақ, – деп мәлімдеді министр Жібек жолы бойындағы елдер қатысатын «Бірлікке барар жолда» атты форумда.


Оның айтуынша, бұл бастама туристер ағынын көбейтіп, Жібек жолы бойындағы аймақтардың әлемге танылуына мүмкіндік береді.


Сонымен қатар:


– Қазақстан мен Өзбекстан бірлесе отырып, туристік өнім шығаруды жоспарлауда. Екі ел өз ресурстарымен бірін бір толықтырады. Өзбек азаматтары түгел түркі елдері үшін киелі – Түркістанға, қазақстандықтар туризмнің інжу-маржанына айналған Бұхара, Самарқанд, Хиуа қалаларына бара алады, – дейді А.Мұхамедиұлы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив