"Әскери баспана" - 94 мың салымшыға сыйақы беріледі
Ағымдағы жыл басынан бері «Әскери баспана» бағдарламасы бойынша 160-қа жуық әскери қызметкер қоныс тойын тойлапты. Бұл туралы «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» облыстық филиалының директоры Нұрлан Күзембаев мәлім етті.
– Биыл біздің банктің 94 мың салымшысына белгіленген мөлшерде сыйақы беріледі, - дейді Нұрлан Күзембаев.
Айта кетейік, биылмыңға жуық шығысқазақстандық әскери қызметкер «aaskeri.baspana.kz� порталы арқылы тұрғын үй алуға өтініш білдірген. Оның ішінде 662-і барлық талапқа сай дептанылып, байқаудан өтіпті. Оған 6 миллиард 264 миллон теңге қарастырылған.
– Қазір байқаудан өткен барлық әскери қызметкер тиісті құжаттарды жинауға кірісіп кетті, - дейді Нұрлан Күзембаев.
Ағымдағы жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша шығысқазақстандық 500 отбасы жаңа баспанаға қол жеткізіпті. Ал келер жылы дәл осы бағдарлама аясында 600-ден астам адамға пәтер кілттері табысталады деп жоспарлануда.