KZ
Өскемен
+4°
туман жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

Өскеменде шаршы метрі 100 мың теңгелік 125 пәтер иелерін күтіп тұр

14.09.2018, 03:01 209

Баспаналы болу үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі клиенттеріне шоттарына 824 400 теңге немесе үй құнының 20%-на тең қаражат жинау жеткілікті. Бұл – «Нұрлы жер» бағдарламасына қатысу талабы. Осыдан кейін банк жылдық мөлшерлемесі 5% болатын жеңілдетілген заем беріп, қолжетімді үйді сатып алуға көмектеседі. Несиелендіруден кейін ай сайынғы төлем сомасы 31 000 теңгені құрайды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бұл – бағасы 4,1 млн теңге болатын бір бөлмелі пәтерге қатысты болжалды есеп. Банк салымшылары «Нұрлы жер» бағдарламасына қазіргі кезеңде қатысып, тұрғын үй сатып ала алады. Ол үшін baspana.kz порталына кіріп, ұнаған нысан мен пәтерді таңдап, өтініш беру керек. Бұл рәсімді 2018 жылдың 20 қыркүйегіне дейін жүзеге асыру қажет.


- Банктің мақсаты – салымшыларын қолжетімді үймен қамтамасыз ету. Бұл жұмысты тұрақты түрде орындап келеміз, ал жергілікті әкімдік пен құрылыс салушылар бізге көмектесуде. Нәтижесінде қазір 1 шаршы метрінің бағасы 100 000 теңге болатын таза әрлеудегі 125 пәтерді клиенттерімізге ұсынуға әзірміз. Жаңа үйлер Өскеменнің экологиялық тұрғындан таза 19-тұрғын үй ауданында салынған, - деп атап өтті Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директор орынбасары Айнур Меирбаева.


Ол келесі жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында дәл осындай бағамен 398 пәтерден тұратын тағы 4 үйдің салынып, пайдалануға берілетінін айтып кетті.


«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынған үйлер 50/50 әдісі бойынша сатылады. Яғни пәтерлердің кем дегенде 50%-ын әкімдікте кезекте тұрған азаматтар, ал қалған 50%-ын кезекте жоқ Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшылары арасында бөлістіріледі.


Бұл ретте әкімдікте кезекте тұрған адамдарға да мемлекеттік бағдарламаға қатысу үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшысы атанып, шот ашып, ақша жинау керек екенін айта кеткен жөн.


Мемлекеттік бағдарлама аясындағы тұрғын үйлер жеңілдетілген шарттармен берілетіндіктен, үміткерлерге қойылатын бірқатар талаптар бар. Олар:


- ҚР азаматы немесе оралман мәртебесінің болуы;


- өтініш берушіде және оның отбасы мүшелерінде Қазақстан Республикасының аумағында соңғы 5 жылдың ішінде жеке меншік үйінің болмауы;


- төлем қабілеттілігін растай алуы.


Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынып жатқан нысандар туралы барлық ақпаратты baspana.kz


сайтынан білуге болады. Бұл портал баспана таңдау ыңғайлы, ал тұрғын үй бөлістіру айқын, ашық жүруі үшін арнайы әзірленген. Мұнда қолжетімді үйден үміткер азамат өзі пәтер алғысы келетін қаланы таңдап, қандай нысандардың салынып жатқаны туралы біліп, өтініш қабылданып жатқан-жатпағанын нақтылап, ұнаған пәтерді таңдап, тұрғын үй сатып алушылар пулына қатысу үшін өтініш бере алады.


«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша баспана алғысы келетін азаматтар саны әдетте берілетін пәтерлер санына қарағанда көп болатындықтан, үйлер ұпай жүйесі бойынша бөлістіріледі. Тұрғын үй сатып алушылар пулына ең көп ұпай жинаған қатысушылар кіреді. Ұпай саны депозиттің қаншалықты тұрақты толықтырылып отырылғанына, шоттың қашан ашылғанына байланысты түзіледі. Яғни депозитті неғұрлым ерте ашып, оған неғұрлым тұрақты ақша салып отырған салымшы жоғары ұпайға қол жеткізеді. Ұпай есептеу процесі автоматтандырылған және айқын жүреді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив