KZ
Өскемен
+30°
пасмурно жел 1 м/с, С
439.43 473.31 4.82

Өскемендегі бірден алты бала тапқан ана туралы ақпарат рас па?

14.12.2018, 10:04 194

Әлеуметтік желіні «Өскемендегі ана мен бала орталығында 19 жастағы ана алты бала босанды» деген ақпарат «жарып» жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Ақпаратты Рита Малышева есімді желі қолданушысы фейсбуктегі «Восточноказахстанцы всех стран, объединяйтесь!» тобында жариялаған болатын.


«Ана мен бала орталығында аса қуанышты, өте сирек кездесетін жағдай болды. Қазақстан тарихында тұңғыш рет 6 егіз бала дүниеге келді. Әуелде дәрігерлер аяғы ауыр әйелге егіз бала деген екен. Бірақ... екеу емес, алтау... Милана Радужная атты ана мен оның балаларының жағдайы қазір жақсы. Балалардың ішіндегі ең ауырының салмағы 1,5 келі, кішісі 800 грамм. Ана әзірше пікір беруден бас тартты. Бірақ балалардың әкесімен тілдестік», деп жазды ол.


Біз аталған орталықтың бас дәрігері Ермек Омарбековке телефон шалған едік.


– Бір тәулікте 28 бала дүниеге келді орталығымызда. Бірақ алты бала деген... Жалған! Біз Милана Радужная туралы мүлде білмейміз. Ондай пациентіміз жоқ. Бұл ақпаратты шегіп алған немесе ішіп алған біреу жазған шығар, – деді ол.



 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив