KZ
Өскемен
-10°
переменная облачность Штиль
495.95 524.37 4.98

Қызметкерлеріне артық жұмыс істеткен басшыларға айыппұл салынады

10.12.2018, 12:30 166

Мерзімінен тыс жұмыс істету - мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқығын сақтаудағы өзекті мәселенің бірі болып отыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары Қайрат Сапарғалиевтің айтуынша, мемлекеттік қызметтегілер тек кезек күттірмейтін өте шұғыл және алдын ала болжанбаған жағдайда ғана артық жұмыс істей алады. Алайда, бұл үшін демалыс күні не демалыс сағаты берілуі тиіс. Не болмаса, еңбекке ақы төлеу жүйесіне сәйкес өтемақы төленеді.


Атап өтерлігі, енді бұдан былай қоластындағы қызметкеріне артық жұмыс істеткен мемлекеттік мекемелер басшыларына 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылмақ.


– Мұндай қаржылық шығын тартып, қалтасы қағылған соң кез келген басшы адамдарды жұмыста қалдыра алмайды. Бұл іске асатын тиімді фактор, - дейді Қайрат Сапарғалиев.


Жоғарыда аталған департаменттен алынған мәліметтерге сүйенер болсақ, мерзімінен тыс артық жұмыс істеу фактілері Өскемен әкімдігі мен оның жекелеген бөлімдерінде, Үржар, Тарбағатай, Көкпекті аудандары әкімдерінің аппараттарында, сонымен қатар облыстық ауылшаруашылығы, денсаулық сақтау, құрылыс, сәулет және қала құрылысы, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму, қаржы басқармаларында анықталған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу