KZ
Өскемен
-9°
ясно Штиль
495.95 524.37 4.98

Тарбағатай, Үржар және Күршім аудандарына газ құбыры тартылуы мүмкін

7.12.2018, 11:43 153

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер сұрағына жауап беріп,өңіре атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып берді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Айнұр Есенжолов, «Тұран таймс» сайты:

– Сіз жуырда Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономды ауданында болдыңыз. Қандай ортақ жобаларыңыз бар?


– Автономды ауданның басшылығымен жолығып, ортақ мәселелерді қарастырдық. Біз Шығыс шаруалары үшін Қытай нарығын ашқпақшымыз. Барлық өнімдерді Қытай стандартына сай сертификаттаймыз. Тауарлар Бақты мен Майқапшағай бекеттері арқылы шығарылады. Сондай-ақ, өңірде қытайлықтармен бірлесіп жылына 120 мың тонна ет өндіре алатын құс фабрикасын салмақшымыз. Қазақстан қазір АҚШ-тан жыл сайын 140 мың тонна құс етін сатып алады. Бұл жоба импортты азайтпақ. Тағы бір бағыт – қытайлық турсистерді Шығысқа тарту.


Сардарова:


– Экология мәселесін жақсарту үшін қандай шаралар атқарылуда?


– Мен Бейжіңде болғанда қатты қиналдым. Бәрі салыстырмалы түрде екен. Ауада бар күкіртті ангидрит тек «Қазцинкке» ғана қатысты емес. Аталмыш кәсіпорын өз өндірісін экологиялық таза ету мақсатында көп жұмыс атқаруда, олар осы бағытта 20 миллиард теңге бөліп отыр. Біз басқа қалаларды да ұмытпаймыз. Бұқтырма кентіндегі цемент зауытында да мәселе бар. Олар тонналап зиянды қалдықтарды ауаға шығаруда. Семей, Зырян қалаларында жағдай бірқалыпты.


Қайнар Олжай:

– Зайсан ауданы газға бай екенін білеміз, ол аудан елдімекендері газдандырылып жатыр. Сұрайын дегенім, өңірдегі басқа аудан-қалалар газдандырыла ма?


– Біз қазір Тарбағатай, Үржар және Күршім аудандарына газ құбырын тарту жоспарын қарастырып жатырмыз. Бұл – келешек жұмыстар. Әлбетте, газдандыру көп мәселені шешер еді.


Әнуар Әбдірахманов, «Б-ньюс» тілшісі:

– Облыста биыл көктемде тасқындар болып, үлкен шығын әкелді. Келер жылы мұндай жағдай қайиаланады деп ойламайсыз ба? Жалпы өңір тасқынға дайын ба?


– Иә, биыл өңірде соңғы 60 жылда болмаған алапат тасқындар орын алды. Оған себеп – қардың кеш жауып, топырақтың 2,5 метрге дейін тоң болып қатуы, сосын көктемде 3 күн бойы толастамай жауған нөсер жаңбыр. Осы ретте атап өтерлігі, біз барлық бүлінген 1200 үйді толықтай жөндеп шықтық. Қалпына келтіруге келмейтін үйлердің иелері басқа баспана алды. Бұл тасқыннан біз сабақ та алдық. Дайындық, алдын алу шаралары жүргізілді. Егер мұндай табиғат апаты болып жатса, қарсы тұрарылық әзірлігіміз бар.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу