KZ
Өскемен
+1°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОБ
492.22 529.38 5.03

Көктемдегі су деңгейінің көтерілуі. Кінәлі адам 2 жылға сотталды

7.12.2018, 09:08 121

Наурызда   Шүлбі ГЭС інің тасыған суы бой бермей  ГЭС тен нормадағыдан үш есеге артық- секундына  1800 текше метрге  дейін су жіберіліп, соның салдарынан Семейдің маңайындағы, Бесқарағай ауданындағы бірнеше елді мекенді су басып кеткен болатын.


Ертістегі сеңдерді қозғамақ болып, жарылыс жасаған құтқарушылардың әрекетінен  жағаға жақын көпқабатты үйлердің қабырғалары шытынап, терезесі сынып тасыған су тұрғындарды тағы да әбігерге салды.


Екі күн бойы плотинадан шамадан тыс  апатты деңгейде су босатып, елді шулатқан Шүлбі ГЭС-іне байланысты жағдайға облыстық прокуратура тексеру жүргізіп, кінәлілерге жаза қолданылды.


««Су ресурстарын қорғау және пайдалануын реттеу бойынша Ертіс бассейн инспекциясы» РММ –нің негізсіз рұқсат беруіне байланысты  Шүлбі су қоймасы арқылы жинақталған суды жаппай ағызу нәтижесінде, Ертіс өзенінің жағасында орналасқан елді мекендерді су басып, «Қазақстан су жолдары» РМКК Семей филиалының мүлкі бүлінді.


Аталған жағдай су деңгейінің күрт өсуіне және мұздың жарылуына, яғни, техногендік сипаттағы  төтенше жағдайға әкелді. Бұл факт 30.03.2018 жылы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 371-бабы (немқұрайлық) бойынша материалды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне Семей қаласының прокуратурасымен тіркелініп, арнайы прокурорлармен тергелді.


Шығыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер бойынша сот алқасының 06.11.2018 жылғы үкімімен Ертіс бассейн инспекциясының басшысы М.А. Мұздыбаев аталған қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған Қазақстан Республикасының су ресурстарын қорғау және пайдалануын реттеумен байланысты лауазымдарды атқару құқығынан үш жылға айыруға және екі жылға бас бостандығынан шектеу түрінде жаза тағайындалды. Үкім заңды күшіне енді» деп жауап берді «Дидар» газетінің арнайы  сауалына Шығыс Қазақстан облысы прокурорының орынбасары Виталий Шабер.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив