KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 1,5 м/с, В
478.93 534.96 5.16

«Семей құс» 150 млн теңге қаражат құятын инвестор іздеп отыр

7.12.2018, 07:45 104

Семейде жұмыртқа қымбаттап тұр. Себебі жұмыртқа Ресейден және шетелден әкелінеді. Оның жеткізілу сапасы да өз алдына жеке мәселе. Осы және басқа түйткілдерді талқыға салған ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Нұрлан Шақабаев БАҚ өкілдерімен баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Ауылшаруашылық бөліміндегі сектер меңгерушісі Нәби Мұратқанұлының мәлімдеуінше, қазірде жұмыртқа бағасы 260-290 теңге көлемінде. 2012-2013 жылы «Семей құс» фабрикасы іске қосылып, ауқымды шаралар қолға алынған. Бірақ, басшысы қайтыс болып кетіп, кәсіпорын содан бері тоқтап қалды. Оның үстіне құсқа беретін жем де қымбаттап кеткен. Бас кезінде 2013-14 жылдары бұл құс фабрикасы жылына 24,6 млн дана жұмыртқа шығарса керек. Десе де, бұл фабрика жылына 50 млн жұмыртқа шығарып елімізді толық қамтуға қауқары бар болған. Қазір дағдарыс әсерінен фабрика мүлде тоқтап тұр.


-Семейдегі және облыстағы басқа құс фабрикалары жұмыртқа емес, тек етті бағытқа негізделген,-деді ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Нұрлан Шақабаев,-бірақ «Семей құс» қана жұмыртқа өндіру саласына бет бұрып отыр. Бұл үлкен шаруа. Бірақ, бұл кәсіпорынды дағдарыстан шығару үшін 150 млн теңге керек. Осы қаражатқа тауықтар, жем-шөп, жұмыртқа сатып алу керек. Кәсіпорынның технологиясы жап-жаңа. Сондықтан біз 150 млн теңге ақша құятын инвестор іздеп отырмыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив