KZ
Өскемен
+12°
ясно жел 2 м/с, С
481.84 531.33 5.07

«Digital East – Болашаққа қадам» ІТ-форумның екінші күні

6.12.2018, 08:48 124

«Digital East – Болашаққа қадам» ІТ-форумның екінші күні Өскемендегі Жекпе-жек сарайында жалғасты. Іс-шараға «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев пен Үкімет басшысының орынбасары Асқар Жұмағалиев қатысты.

Мәртебелі меймандар алдымен «Цифрлық Шығыстың жетістіктер» көрмесімен танысты. Оған «Самғау холдинг», «ЦУРС», «ЦИТ Даму», «Алсеко», «Силумин Восток» сынды серіктестіктердің цифрландыру саласындағы жобалары қойылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Жиында Мәулен Әшімбаев өңірде цифрландыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.


– «Нұр Отан» партиясы биыл көктемде еліміз бойынша 1000 ІТ-сынып ашуды мақсат тұтқан-ды. Қазір республикада 780 сынып жұмыс істеп тұр. Соның 277-сі Шығыс Қазақстанда. Осы ретте облыс басшылығының және облыстағы партия филиалының ерен еңбегін атап өткім келеді. Тез арада осыншама сыныпты ашу – оңай шаруа емес. Енді келер жылы облыстың барлық 662 мектебінде ІТ-сыныптары құрылмақ, – деді ол.



Асқар Жұмағалиев еліміздегі Электронды үкімет жобасы ең алғаш Даниал Ахметовтің жетекшілігімен құрылғанын еске салып, аймақ басшысына атқарып отырған жұмысы үшін ризалығын білдірді.


–Елбасының мұрындық болуымен қолға алынған «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыру үшін Интернет керек. Өкінішке қарай, барлық елдімекендерде ол бар деп айта алмаймыз. Сол себепті Үкімет алдағы 2 жарым жылда барлық елдімекендерді Интернет желісімен қамтып шығуды жоспарлап отыр. Ғаламтор жылдамдығы жоғары болады, – деді вице-премьер.


Жиын соңында форум аясында ұйымдастырылған үздік ІТ-шешімдердің республикалық байқауы қорытындыланды. Келіп түскен 79 жобаның ішінен қазылар 6-ын таңдап алыпты. Олар гранттармен қаржыландырылмақ.


– Бұл алғашқы форум, оны келесі жылы да ұйымдастырамыз, дәстүрлі түрде өтіп отыратын болады. Жылдан-жылға ауқымы кеңейіп, жобалар саны арта бермек. Биылғы байқауға қатысқан 10 оқушының да жобасын қолдап, гранттар бөлдік. Жастардың бастамасына жан-жақты қолдау көрсетуге шақырамын, – деді өз сөзінде аймақ басшысы Даниал Ахметов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив