KZ
Өскемен
+21°
небольшая облачность жел 4 м/с, З
478.96 533.03 5.22

Сатып алған тауардың салмағы қаптамада көрсетілген мөлшерге сәйкес келмесе

5.12.2018, 03:09 86

Егер азық-түліктің салмағы қораптың сыртында көрсетілген салмақтан әлдеқайда аз болса, не істеу керек? Мұндай заң бұзушылыққа жол бермеу үшін тұтынушынені білуі тиіс? Бұл туралы біздің оқырмандарға техникалық реттеу және метрология комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Әсем Жақсыбаева түсіндіріп берді.


– Біздің департаменттің мамандары тұтынушылар тарапынан келіп түскен арыз-шағымдарды қарап, соған сәйкес шара қолданады.Басты мақсат – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттырып, көмек көрсету, -дейді Әсем Жақсыбаева.


Егер тауардың салмағы қаптаманың сыртында көрсетілген мөлшерден аз болса, тұтынушы еліміздің «Әкімшілік құқық бұзушылық»кодексінің 419 бабына сәйкес сол дүкеннің иесіне шағым түсіре алады. Бұдан соң техникалық реттеу және метрология комитетінің мамандары заңбұзушылықты жоюға нұсқау береді.


– Заңға сәйкес, тұтынушы жеке кәсіпкерден 30, ал шағын және орта бизнеспен айналысатын тұлғалардан 65-100 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін айыппұл өндіре алады, - дейді Әсем Жақсыбаева.


Егер тауардың салмағы қораптың сыртында көрсетілген салмақтан әлдеқайда көп болса, тұтынушы сатушыға үстемақы төлейтінін айта кеткен орынды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив