KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, Ю
488.91 532.62 5

Семейде көмірге кезекте тұрған спортшыны өлтіріп кетті

15.11.2018, 12:50 103

Семейде көмір алуға кезекте тұрған белгілі дзюдошы Жасұлан Абиевті өлтіріп кетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.


Қайғылы жағдай 12 қараша күні болған. Оқиғаны көзімен көргендердің айтуынша, Қаражыраның көмір разрезіндегі кезекте екі ер адамның арасында жанжал туған. Оның соңы төбелеске әкеліп, салдарынан біреуі басынан ауыр жарақат алыпты. Семей қалалық полиция бөлімінде адам өлімін растап отыр.


Жедел іздеу шараларының барысында Семей қаласының 24 жастағы тұрғыны қамауға алынған екен. Осы оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 3-бөлімі бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Айта кетсек, марқұм Жасұлан Абиев – дзюдошы, республикалық, халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін чемионы және жүлдегері. Спортшы кәсіби спортпен 2010 жылға дейін айналысып келген, Кейін біраз уақытқа жаттығуларын тоқтатып, бизнес жағына бет бұрған екен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив