KZ
Өскемен
+15°
пасмурно жел 2 м/с, ОШ
443.44 480.51 4.88

Зайсанда қызмет барысында мерт болған шекарашыларға ескерткіш тақта ашылды

12.09.2018, 05:19 155

Зайсан қаласының «Батырлар аллеясында» 2017 әскери бөлімінде қызмет еткен әскери қызметшілер прапорщик Серікқазы Узбаев пен прапорщик Ильмар Иманқұловқа арналған ескерткіш тақта ашылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Митингті әскери бөлімнің командирі подполковник Ерік Тұрғынбаев ашып, марқұм болған шекарашылардың отбасыларына жүрекжарды тілегін білдірді. «Ер есімі – ел есінде» демекші әрі қарай ескерткіш басына гүл шоқтары қойылды.


Аталған әскери қызметшілер 2009 жылы өз қызметтерін өтеу барысында жол апатынан қаза тапқан болатын. Бұл оқиға шекара жасағының және отбасыларының қабырғасын қайыстырған.


Сол қаралы күні таңғы сағат 4-те аталмыш екі жауынгер барлау-іздеу тобы құрамында шекара аумағын күзетуге шығады. Ауа райы сол күні қолайсыз болған екен. Көліктері жол апатына ұшырап, екеуі де мерт болады. Қос азамат та жан дүниесімен қалаған кәсіптерін терең игерген шекарашылар еді.


«Шекарашы» деген ұғымның қасиеттілігін сезіну үшін жас ұрпақ арамыздан өткен ерлеріміздің өмірбаянымен, қызметтік жолымен таныс болуы керек деп шешкен әскери бөлім басшылығы осы бір ескерткіш тақталарды орнатуды жөн көріпті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив