KZ
Өскемен
+23°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, Ю
443.44 480.51 4.88

"Арқанкерген" заставасындағы 15-ші шекарашыдан командирдің қаруы табылды

4.06.2012, 18:00 199


Алматы облысында кеше кешке қараусыз қалған қыстақтан "Арқанкерген" заставасындағы 15-ші шекарашы табылды.

Шекарашыны 31 мамыр күні әскери қызметкерлер қаза тапқан Арқанкерген бекетіне жақын маңдағы қараусыз қалған қыстақтан шекара жасағының қызметкерлері ұстады.

«Одан қару тәркілеген секілді. Қазір шекарашы әскери прокуратурада», - деп хабарлайды бейресми дереккөз.

Еске сала кетейік, 31 мамыр, бейсенбі күні таңертең қазақстандық БАҚ шекара заставасында әскери қызметкерлердің қаза болу оқиғасы туралы хабарлады. Сол күні шекара қызметі 30 мамырда болған шекара заставасындағы өрттен кейін 13 адам – 12 шекарашы мен бір қорықшының денесі табылғанын мәлімдеді. 15-ші шекарашының тағдыры әлі белгісіз еді.


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев құқық қорғау органдары басшыларымен өткізілген кеңесте болған оқиғаны террористік акті деп атады. Мемлекет басшысы Үкіметке қаза тапқан шекарашылардың отбасыларына қажетті көмек көрсетуді тапсырды. Бүгін Қазақстанда аза тұту күні жарияланып отыр.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив