KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 1,4 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Тарифтерін заңсыз көтерген монополистер жазаланады

8.11.2018, 11:38 131

Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Кеңесте Бас Прокуратура тарапынан жүргізілген электр қуаты мен жылу тарифтерін тексеру нәтижелері айтылды.


Белгілі болғандай, еліміздегі монополист компаниялар тарифтердің бағасын заңсыз көтеріп алған. Мысалы, электр қуатының бағасына олар көрсетілген қызмет ақысымен бірге жұмысшыларына төленетін сыйақы, бонус, кәсіпорынның несиелері мен іс-сапарға жұмсалған қаржыны да қосып отырыпты.  Халықтың электр қуаты үшін осы уақытқа дейін 29 миллиард теңге төлеп қойғаны анықталды.


Бас прокурор Қайрат Қожамжаровтың айтуынша, электр қуатын беруші компанияларға ескі қондырғыларын жаңарту мақсатында 2009-2015 жылдар аралығында тарифтерін екі есе көтеруге рұқсат берілген екен. Демек, 2016 жылдан бастап тариф қайта арзандауға тиіс еді. Бас Прокуратураның жүргізген тексерулердің барысында бұл компаниялардағы қондырғылардың жөнделмегені белгілі болып отыр. Баға да төмендемеген.


Осы орайда  Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Елбасынан сөгіс алды. Енді министр жылдың соңына дейін баға нарығын реттеуге тиіс.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив