KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 5 м/с, ОШ
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Ресейліктер Шығыстың көрмесіне ерекше қызығушылық танытуда

8.11.2018, 07:31 181

Шығыс Қазақстан облысы туристерді жыл он екі ай қарсы алуға дайын, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бұл туралы Петропавл қаласында өтіп жатқан Қазақстан мен Ресей арасындағы 15-ші өңіраралық ынтымақтастық форумы аясындағы туристік көрмеде облыстық туристік ақпарат орталығының директоры Сымбат Рамазанов мәлім етті.



Екі елдің туристік фирмалары мен БАҚ өкілдері қатысқан шара барасында келушілер назарына Шығыстың брендтері саналатын, бүгінде көптің аузында жүрген қымыз, бал, панты өнімдері сияқты тауарлар ұсынылды. Шығыс Қазақстан облысының стендіне сонымен қатар Шілікті жазығында табылған Алтын адамның көшірмесі, ежелгі сақтардың зергерлік бұйымдары, жерлестеріміздің қолөнер туындылары, демалыс базаларының ақпараттық брошюралары қойылды.


– Біздің облыс туристерді жылдың кез келген маусымында қабылдай алады. Шыны керек, мұндай мүмкіндіктер еліміздің басқа ешбір өңірінде жоқ. Мәселен, Шығыста қасиетті жерлерге ұйымдастырылатын туристік сапарлар бар. Бізде археологиялық қазба жұмыстары өткен орындарға де баруға болады. Облыста тау шаңғы және жағажай туризмдері де қарқынды дамып келеді. Бір сөзбен айтқанда, қонақтарымызға ұсынарымыз көп, – деген С.Рамазанов көрмеде ресейлік қонақтар еліміздің өңірлері ішінде әсіресе Шығыс Қазақстан облысының экспонатарына ерекше қызығушылық танытқанын атап өтті.


Оның айтуынша, облыста бүгінде онлайн-туризм да қарқынды дамуда үстінде. Қазір өңірдегі демалыс базаларының бірсыпырасына билеттерді онлайн режимде сатып алуға болады екен.



Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив