KZ
Өскемен
+10°
небольшой проливной дождь жел 3 м/с, ОШ
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Семейде серозды менингит жұқтырған тағы 2 бала анықталды

6.11.2018, 11:19 129

Семейдегі Қоғамдық денсаулықты қорғау басқармасының бас маманы Динара Тлекинаның айтуынша, қаладағы  "Жұлдыз-Ардақ" балабақшасында серозды менингит инфекциясын жұқтырған екі бала анықталған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


-Бұл жыл сайын тіркелетін көрініс, биыл былтырғыдан әлдеқайда төмен. Инфекция  су немесе азық-түлік өнімдері арқылы жұғуы мүмкін. Қалада эпидемия өріс алды деп айта алмаймыз. Соңғы 10 айда 51 сырқат анықталып отыр. Бұлар негізінен мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балалар.  Серозды менингитті менингокок инфекциясымен шатастыруға болмайды. Бір жылдың ішінде әр айда бірлі-жарым бала ауырып қалғандықтан бұл инфекцияға карантин жарияланбайды. Сырқат балалар назарда болады. 20 күн бойы оларды қадағалап отырамыз. Ауру анықталған жерлерге дезинфекция жасалады.-деді Динара Тлекина.


-«Жұлдыз-Ардақ» балабақшасынан 3 бала келіп түсті, оның ішінде тек 2-еуі ғана серозды менингитке ұшыраған. Екі баланың қалай жұқтырғаны анықталып жатыр. Көбіне ересектерден жұғуы мүмкін. Бір балаға жәй суық тиіп қалған. Үшеуінің де жағдайы жақсы, денсаулықтары түзеліп келеді,-деді қаланың бас инфекционисі Эльвира Исабаева.


Қазір «Жұлдыз-Ардақ» балабақшасына бала қабылдау тоқтатылып, толық санитарлық тексеріс жүргізіліп жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив