"Бұл жұмыстар он жыл бұрын жасалуы тиіс болатын" - Даниал Ахметов
Келесі жылы Жастар саябағында орыс ақыны А.С.Пушкинге ескертікіш орнатылып, Головков көшесі бойымен көлік тек таңғы сағат 11.00-ге дейін жүретін болады. Осылайша ол жаяу жүргіншілер көшесіне айналады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі
Бұл жөнінде бүгін облыс әкімі Даниал Ахметов кезекті рейд кезінде мәлім етті.
[caption id="attachment_44573" align="aligncenter" width="1000"] Д.Ахметов[/caption]
Аймақ басшысының айтуынша, облыс орталығы жолдарының сапасын жақсарту бағытындағы жұымыстар жалғасын табады. Биыл Протозанов, Астана көшелерінің жолдары кеңейтілсе, келесі жылы Потанин көшесі мен Әуезов даңғылындарына қосымша жолақтар жасау жұмыстары басталмақ. Сондай-ақ Понтон көпірінен Ахмер ауылына дейін, Ахмерден Меновное кентіне дейінгі жолдар кеңейтіледі. Ворошилов көшесі екі жақты көлік қозғалысына лайықталып жасалады.
Бұл жұмыстар осыдан он жыл бұрын жасалуы тиіс болатын деп атап өтті аймақ басшысы.