KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 2 м/с, ОБ
489.36 533.45 4.99

Даниал Ахметов Өскемендегі жаңа емханаға қатысты қатаң тапсырма берді

6.11.2018, 08:04 104

Куленов кентінің тұрғындары неше жылдан бері күтіп жүрген емхана жаңа жылға дейін ашылады. Бұл жөнінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Шоранов мәлім етті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Марат Едігеұлының айтуынша, бүгінде емхананың құрылыс жұмыстары толықтай аяқталып, оны құрылғылармен жабдықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, штаттық кестесі де бекітілген. Енді тек нысанды қабылдап алу жұмыстары қалды. Аталған емхана ашылған соң қаланың сол жағалауының 25 мыңға жуық тұрғыны осында тіркелетін болады. Өйткені бүгінде сол аумақтағы жалғыз Болатов поликлиникасы 60 мыңнана астам тұрғынға қызмет көрсетуге мәжбүр.


Бүгін аталмыш нысанның жұмысымен облыс әкімі Даниал Ахметов танысып қайтқан болатын. Аймақ басшысы құрылысы аяқталып, қаншама уақыттан бері қызмет көрсетуге кірісе алмай отырған емхананың бүгінгі жағдайына біраз сын айтты. Жиһазбен және тисті құралдармен жабдықталған емханаға әлі жылу мен су берілмеген болып шықты. Облыс басшысы осы мәселені шешуді және емхананы жуық арада іске қосуды қатаң тапсырды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив