KZ
Өскемен
туман жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

Даниал Ахметов дәрігерлерді баспанамен қамту жөнінде тапсырма берді

18.10.2018, 03:19 168

Облысымызда шамамен 60-қа жуық дәрігер маман жетіспейді. Аймақ басшысы Даниал Ахметов аудандар мен қалаларға баруға келісімін берген жас мамандарды жыл соңына дейін тұрғын үймен қамту керектігін қадап айтып, әкімдерге тиісті тапсырма берді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Медицина саласының мәселелері сөз болған облыстық әкімдіктің кезекті мәжілісінде денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Шоранов баяндама жасап, аймақта дәрігер мамандардың тапшылығы байқалатынын жеткізген болатын.


– Бізге 58 дәрігер қажет екен. Оның 12-сі – акушер-гинеколог, сегізі – неонатолог, 38-і – анестезиолог. Қолымызда нақты цифрлар бар. Енді осы проблеманы шешу жолдарын қарастырайық. Әрине, бірінші кезекте бұл мамандардың барлығына да жұмыс жүргізуіне қажетті жағдай жасайтын боламыз. Баспана мәселесін шешіп береміз. Тек мамандарды табыңыздар. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен аудан-қала әкімдеріне тез арада тапшы дәрігерлердің орнын толтыру, оларды үймен қамту мәселелерін шешуді тапсырамын. 1-ші қаңтарға дейін бұл проблема күн тәртібінен түсуі керек, – деді аймақ басшысы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив