KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, Ю
471.83 505.66 5.4

Өскеменде көлікті айдап әкеткен мас адам жол-көлік оқиғасына себепші болды

17.08.2018, 05:11 154

Өскеменде мас жүргізуші жол-көлік оқиғасына себепші болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Кеше сағат 13:00 шамасында Ворошилов-Белинский көшелерінің қиылысында жол-көлік оқиғасы орын алды. «Mitsubishi» және «Audi» маркалы екі жеңіл автокөлік соқтығысып қалыпты.


Оқиғаға куә болғандардың айтуынша, «Mitsubishi» автокөлігінің жүргізушісі мас күйде болған. Мұны полиция қызметкерлері де растап отыр.


Өскемен ІІБ баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Белинский көшесімен ворошилов көшесіне қарай бағыт алған «Mitsubishi Carisma» маркалы автомобиль бағдаршамда тоқтап тұрған «Audi» автокөлігіне соғылған. Полиция қызметкерлері  «Mitsubishi» көлігінің жүргізушісі мас күйде болғанын анықтап отыр. Сонымен қатар, бұл көлік оның жақын туысының меншігінде екені белгілі болды. Көлік иесі полицияға арызданды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив