KZ
Өскемен
-9°
небольшая облачность Штиль
495.95 524.37 4.98

"Инсульттің белгілері мен сақтану жолдары". Ертең Өскеменде мамандар тегін кеңес береді

1.11.2018, 09:40 191

Ертең, 2 қараша да облыс орталығындағы «Арзан» гипермаркетінің аумағында «Біз инсульттен күштіміз!» атты акция өтеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Сағат 16.00-де облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы қоғамдық денсаулықты сақтау департаментінің, облыстық оңалту орталығы және №2 қалалық емхананың мамандарымен бірлесіп,келушілерге қауіпті дерттің белгілері мен одан сақтану жолдарын түсіндіреді.


Инсульт - мидың қан айналымының бұзылуынан болатын дерт. Біздің облыста бұл ауруға аса мән беріліп келеді. Өңірде бірнеше инсульт орталығы жұмыс істейді. Заманауи медициналық құралдармен жабдықталған тағы екі инсульт орталығы таяуда Аягөз бен Алтай қалаларында ашылған болатын.


2006 жылдан бастап 29 қазан әлемде инсультке қарсы күн ретінде аталып өтіледі. Ондағы мақсат - халық арасында осы қауіпті дерттен болатын өлімді азайту мақсатында тұрғындарға аурудың алдын алу туралы кеңестер беру болып табылады


Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымы инсульт ауруын глобальді эпидемия ретінде жариялап отыр. Әлемде инсульт өлім көрсеткіші бойынша миокардинфрактінен кейін екінші орында тұр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу