KZ
Өскемен
+19°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
476.27 515.47 5.41

«Салбурын-18». Абай ауданында аңшылар бас қосты

31.10.2018, 08:02 153

      «Салбурын-18»-шарасы Көкпекті, Жарма аудандарында басталып, Абай ауданындағы  кәсіпкер Жансап Сәдібековтің қонысында өткізілді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бұл шараға Көкпекті, Жарма, Ақсуат, Аякөз, Бородулиха және Семей қаласы мен Абай ауданының Құндызды, Қарауыл, Қасқабұлақ, Архат, Көкбай ауылдарынан 60 –қа жуық аң құмар азаматтар мен олар ерте келген 40-тай аңшылыққа бейімделген қасқыр, түлкі алып жүрген тазылары қатысты.


Жан-жақтан сайланып  келген, дала аңдарын құтқармай жүрген тазыларын ерткен көпшілік ішінде, небір сайыпқыран азаматтар бар екен.


Мәселен: Жарма ауданынан келген Мағденов Бауыржан деген азамат жуырда ғана Жарық ауылы маңынан «Досқара» «Аққұс» деген тазыларынын көмегімен 4 қасқырдың ізіне түсіпті. Бір қызығы сол 4 қасқырдың 2 –уі қара, 1-уі қызыл қасқыр болып шығып, бөлек қашқан қызыл қасқырды екі тазы жабылып, шаршатып алқымынан алып, қылқындырып алғанын тазы иесі Бауыржан баурымыз қызықтыра баяндап, суретін көрсетті.


Өткен жылы «Дидарға» суреті шығып, жалаң қолмен қасқыр соққан дәу денелі, кесек тұлғалы, әрі палуан Ақсуаттан келген Нұржан Қайратұлы кәнігі аңшы, ат мініп, тазысын қасқырға, түлкіге салып жүрген нағыз ер қазақ боп шықты.


-Көкпекті ауданы, Тассай ауылынан Абай еліне арнайы «Салбурынға» келген ертеректе атақты Құнанбайға бала болған, кейін Меккеге барған сапарында серік болған туысымыз Ізғұттының ұрпақтарын осы арадан көру бір ғанибет болды,-деді белгілі қаламгер жазушы ағамыз, «Абай елі» газетінің бас редакторы Әсет Мырзақасым,-Ізғұттыдан-Дүкенбек, Қажықайдар, Түсіпбек, Орынбек Дәуітбек деген ұрпақтар тараса, Көкпектіден келген Дүкенбеков Шапат, Ізғұтдинов Арман осы атанын бүгінгі жалғасы екен.


Ертеңінде, таң бозарып атқанда жиналған аңшылар аттарын ерттеп мініп, тазыларын ертіп Кіші Орда, Үлкен Орданың тау тасын аралап із кесіп, сүзіп өтіпті. Сайланған аңшылардың мысы ма, әлде түнімен даланы шуылдатқан тазы иттердің даусы ма әйтеуір біраз дала шарлағанымен жолыққан аң аз болыпты. Қонақтар бірнеше қоян, қарсақты қанжығасына байласа, ең олжалы болған Құндыздылық Бауыржан Қоңыртаев болды. Ол Орда бауырынан іліккен қып-қызыл дала түлкісін, қазақы дәстүрмен осы шараны ұйымдастырып жүрген Мержан Серікбосынұлының қанжығасына байлады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив