KZ
Өскемен
+12°
пасмурно жел 5 м/с, СБ
483.23 534.74 5.12

Өскеменде автобус пен жүк көлігі соқтығысты

30.10.2018, 07:18 153

Жол-көлік оқиғасы кеше Өскемендегі Телестудия ауданында кешкі уақытта болды. Бұл Тәуелсіздік даңғылындағы көлік қозғалысына уақытша кедергі келтірді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


№12 бағыттағы автобус Металлургтер мәдениет үйіне қарай бет алған кезде бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетіп, жүк көлігіне соғылады. Соққыдан автобус жолдың шетіндегі тұрғын үйге қарай ұшып кетіпті. Екі көлікке де күрделі зақым келді. Сондай-ақ, автобуста жол-көлік оқиғасы кезінде жолаушылар отырғаны белгілі болды.


ШҚО ІІД баспасөз қызметі үш жолаушының зардап шеккенін хабарлап отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив