KZ
Өскемен
+18°
переменная облачность жел 6 м/с, Ю
443.37 474.49 4.83

ШҚО тұрғыны көші-қон полициясының қызметкеріне пара бермек болды

28.10.2018, 11:18 147

Жеке куәлігінің мерзімі өтіп кеткен Аягөз ауданының тұрғыны айыппұлдан құтылмақ болып, көші-қон полициясының қызметкеріне 10 мың теңге пара беріпті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Оқиға былай өрбіген екен. Ауданға қарасты ауылдардың бірінде тұратын 45 жастағы ер адам құжатын ауыстыру үшін көші-қон қызметіне келеді. Жаңа куәлік алу кезінде полиция капитаны құжатты ауыстыру мерзімінің өтіп кеткенін анықтайды. Ал қызмет алушы әкімшілік жауапкершіліктен жалтару мақсатында оған 10 мың теңге пара бермек болады.


Алайда полиция қызметкері бұл ақшаны алмай, пара беру фактісі бойынша оның үстінен арыз жазған екен.


Енді пара беруші бірден екі түрлі жауапкершілікке тартылады – полиция қызметкеріне қызметтік міндетін атқару кезінде пара бергені үшін қылмыстық жауапкершіліке, және жеке куәлігінің мерзімін өткізіп алғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив