KZ
Өскемен
+22°
ясно жел 3 м/с, ОБ
441.58 480 4.86

Өскеменнің маңынан 10 сотық жерді қалай алуға болады?

25.10.2018, 09:13 286

Қазіргі күні Өскеменде жер алуға 4000 адам, Семейде 24 000 адам кезекте тұр. Семейде бас жоспар бойынша жер үйлер салуға жоспарланған учаскелер саны 13 700 ғана, сол себепті өтініш бергендердің бәрі бірдей жер ала алмайды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Тұрғылықты жері бойынша немесе облыс орталығынан үй салуға жер учаскесін қалай алуға болады, гараж, дүкен салу үшін жерді қалай рәсімдейді? деген сауалдар бүгінде көптеген тұрғындардың көкейінде жүргені мәлім.


Облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Виктория Барсукова:


-      Жер кезегінде тұрғандарға да және жер алуға ниеттенгендерге де айтарым, жеке тұрғын үй салуға берілетін жер бәріне бірдей емес, кезегі келген тұрғындарға ғана беріледі. Өскеменнен жер алуға 2005 жылдан бері қарай қалыптасқан кезек бар. 10 сотық жер (Жеке тұрғын үй құрылысы үшін (бұдан әрі – ЖТҮҚ) жер учаскелерінің сумен, электр желісімен, жолмен қамтамасыз етілуі жағдайына қарай беріледі. Бұл - 2016 жылы Жер кодексіне енгізілген жаңа нормалар бойынша бекітілген талап. Қазіргі күні «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында қаланың 28, 20-ықшам аудандарындағы жер учаскелері биылдан бастап бағдарлама аясында осындай инфрақұрылымдармен қамтамасыз етіліп жатыр. Бұл - ұзақ мерзімге арналған бағдарлама, су, жарық тарту, жол салу кезең-кезеңмен жүзеге асырылады.


-Қаланың маңында салынатын жер үйлерді қалай сатып алуға болады?


-Қазіргі күні «Нұрлы жер» бағдарламасының қанатқақты жобасы бойынша Семей мен Өскеменде құрылыс компаниясымен бірыңғай жоба бойынша салынатын жер үйлер құрылысы басталып жатыр. Бұл жоба облыс орталығында жеке меншік жер үйлерді бейберекет салуға жол бермес үшін де жасалып отыр. Аталған бағдарламаға қатысу үшін тұрғындар жер алуға өтініш бергендерін (немесе беруі керек) және Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне немесе екінші деңгейдегі банктерге барып, өздерінің төлем төлеу қабілеттерін растауы қажет. Жеке жер үйлерге қатысты ешқандай санатқа жеңілдік қарастырылмаған. Қазіргі күні Өскеменде жер алуға 4000 адам, Семейде 24 000 адам кезекте тұр. Семейде бас жоспар бойынша жер үйлер салуға жоспарланған учаскелер саны 13 700 ғана, сол себепті өтініш бергендердің бәрі бірдей жер ала алмайды. Тұрғындар үшін баспаналы болудың тағы бір мүмкіндігі - «7-20-25» бағдарламасына қатысу. Қанатқақты жобамен жеке тұрғын үйлер салынатын 28-ші ықшам аудандағы тұрғын үйлердің жобалық-сметалық құжаттары дайын, құрылысты жүргізілетін мердігер анықталып, құрылыс басталды.Алайда салынатын жер үйді сатып алуға тұрғындар тарапынан өтініш өте аз түсіп жатыр.


-Жер учаскесін қай жерде тұрғыңыз келсе, сол жерден алуыңызға болады. Егер сіз ауылда тұрып, қаладан үй салу үшін жер алғыңыз келсе, қалалық әкімдікке келіп, кезекке тұрасыз. Егер аудандардан алғыңыз келсе, сол ауданның әкімдігіне барып тіркелесіз. Біздің облыс бойынша үй салу үшін жер алу кезегі Өскемен мен Семей, Зырян, Аягөз қалалары мен Қасым Қайсенов кентінде ғана бар. Қалған өңірлерде кезек жоқ. Жер учаскесін алуға байланысты сауалдардың жауабын аудан әкімдіктерінің, жер қатынастары басқармасының сайтынан алуға болады.


Алдында айтып кеткенімдей, ЖТҮҚ үшін жер учаскелерін беру тек қажетті инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген, бөлу үшін дайындалған аудандар бар болуына қарай жүзеге асырылады.


-Гараж салу үшін жерді қалай алуға болады?


-Жер кодексінің жаңа талаптарына сай коммерциялық нысандар салуға арналған жерді тек сауда арқылы аукцион немесе конкурс түріндегі сауда-саттықта сатып алуға болады. Сауда-саттықтың қажетті құжаттары әзірленген соң, әкімдік саудаға қатысушылардың тізімін бекітіп, сауданың өту шарты туралы: оның қайда, қашан өткізілетіні, қатысу үшін қалай тіркелу қажеттігі, қанша жарна төлеу керектігі туралы, тағы да басқа ақпараттарды өздерінің сайтында, АШМ сайтында, баспасөзде жариялайды. Осылайша, тұрғын белгіленген күні келіп, гараж салуға, тағы басқа мақсатқа жер учаскесін сатып алады. Аукциондық саудада кім ақша (бастапқы ұсынылған бағадан) көп төлесе, жер учаскесін сол сатып алады, ал конкурс түріндегіде кім тиімді, оңды жағдай ұсынса, сол сатып алады. Семей мен Өскеменде көбінесе сауданың аукциондық түрі қолданылып келеді. Жай ғана әкімдікке келіп дүкен, гараж салуға жер учаскесін ешкім сұрап ала алмайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив