KZ
Өскемен
+11°
переменная облачность жел 3,1 м/с, ОШ
444.14 477.05 4.85

ШҚО-дағы сібір жарасы: лауазымды тұлғалар қызметінен босатылды

23.10.2018, 11:26 163

Облыстық ветеринария басқармасы жүргізген тексерудің нәтижесі бойынша Катонқарағай ауданының бірнеше лауазымды тұлғалары жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Естеріңізге сала кетсек, қыркүйек айының соңында Кіші Нарын ауылының тұрғыны сібір жарасынан көз жұмғаны туралы жазған едік. Аса қауіпті инфекцияны «Малика»  шаруа қожалығының  қожайыны 47 жастағы Е.Саматов жұқтырғаны белгілі болған.


Енді осы оқиғаға қатысты жүргізілген тексерулердің нәтижесі бойынша, аудандағы үш лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылып отыр. Оның екеуі қызметінен босатылды.


Атап айтқанда, Катонқарағай ауданының әкімінің бұйрығымен аудандық ветеринария бөлімінің басшысы мен Солонов ветеринарлық пунктінің басшысы қызметтерінен босатылыпты. Сондай-ақ, «Катонқарағай аудандық ветеринарлық қызмет» КМК директорына қатаң сөгіс жарияланды. Яғни, бұл лауазымды қызметтегі тұлғалар ауылдық елді мекендегі малды вакциналауға жауапты болған екен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив