KZ
Өскемен
+24°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОШ
478.93 534.96 5.16

Жармада мұғалімдер мен эндокринолог мамандар жетіспейді

17.10.2018, 07:44 183

«Дипломмен ауылға!» бағдарламасы Жарма өңірінде оң нәтиже беруде. Атап айтқанда, соның көмегімен 2017 жылы және биылғы 9 айда білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт саласындағы мамандарды тұрғын үймен қамтуға 120 млн теңгені құрайтын 38 бюджеттік несие беріліпті.


-Аудандық бюджет есебінен 30 жас маман 5 млн теңге көлемінде көтерме жәрдемақы алды. Осы ретте білім саласына орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі және математика пәні мұғалімдеріне сұраныс бар екенін айтқым келеді. Денсаулық сақтау саласында эндокринолог маманы жетіспейді. Биыл үшінші жыл «Жасыл ел» бағдарламасымен жаз маусымында 180 жас елді мекендерді абаттандыру жұмыстарына тартылды. Маусым нәтижеге сай, «Үздік аудан» номинациясына ие болдық. Бұл жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табады. «Zhas Project» (Жас-Проект) әлеуметтік жобасы аясында 4 жас 1 млн теңге қаражатқа ие болды. Олар наубайхана ашып, мал өсірумен шұғылдануда. Келер жылдың «Жастар жылы» деп жариялануына байланысты, жастарды қолдауға кешенді шаралар атқарылады, - дейді аудан әкімі Нұрлан Сыдықов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив