KZ
Өскемен
+23°
переменная облачность жел 4 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Несие алудан ерікті түрде бас тартуға болады

Бүгін, 10:30 4 Жанаргүл Мұқатай

Елімізде құмар ойындардың құрбаны болған 400 мыңдай адам тіркелген.  Қоғамды жайлаған осы қауіпті індеттің алдын алып, еліміздің, қазақстандықтардың қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыстағы Экономикалық тергеп -тексеру департаментінің, адам құқықтары жөніндегі уәкілдің облыс бойынша өкілдері, «Антарес А» қоғамдық қорының, «Қарызсыз қоғам» жобасының өкілдері,  Өскемендегі ҚАЕУ  студенттерімен, жастардың қоғамдық ұйымдарымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Altainews kz тілшісі. 

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Айдын Молдабеков жастар алдында еліміздің, қазақстандықтардың қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отырған Қаржылық мониторинг агенттігінің, оның аумақтық бөлімшесі облыстық департаменттің қызметі туралы айта отырып, бүгінде экономикалық қылмыстарды тергеуде: капиталды шетелге шығару, бюджеттік қаржыны жымқыру, конртабандалық өнімдерді өндіру, жалған шот - фактураларды жазып беру, қаржы пирамидаларын жою тәрізді түрлі  қылмыстардың жолын кесуде кең ақпараттық - талдау тетіктері пайдаланылып отырғанын жеткізді. Мысалы, департамент қызметкерлері мектеп, аурухана сияқты әлеуметтік нысандарды салуға, жөндеуге бөлінген қаржының нысаналы мақсатқа  жұмсалғанын, жұмсалмағанын, қозғалуын жасанды интеллект тетіктерінің көмегімен анықтап, тексеріп отыр.  

Департамент басшысы Айдын Молдабеков студент жастарға экономикалық тергеп тексеру, құқық қорғау органдарында  қызмет етудің ерекшеліктерін түсіндіре отырып, талантты, білімді жастарды еліміздің экономикалық қауіпсіздігін сақтауға үлес қосуға шақырды. 
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің облыс бойынша өкілі Серік Мизанбеков жастарға алаяқтардың арбауына түсіп қалмаудың, қорғанудың жолдарын баяндап, студенттер тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.  

Ерікті түрде кредит алудан бас тартқан қазақстандықтар биылғы 1 қыркүйектен бастап өз атына заңсыз рәсімделген несиені төлемейді. Бұрынғыдай өз проблемасымен жеке қалмайды, сотқа жүгінбейді. Банктер мұндай қарыздарды есептен шығаруға міндеттеліп отыр.
Еске салайық, 2024 жылдың ақпан айынан бастап Қазақстанда кредиттер мен микрокредиттерден ерікті түрде бас тарту мүмкіндігі пайда болды. Азаматтар енді ЕGov электронды үкімет порталы арқылы өздері өтініш беріп, несие алудан ерікті түрде бас тартуларына болады. Қазіргі таңда  кредит алудан ерікті түрде бас тартқандардың саны арта түскен.

                                                                                                                                              

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив