KZ
Өскемен
+26°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
478.93 534.96 5.16

Кәсіпкерлік белсенділік – экономиканы екі есе өсірудің кепілі

Бүгін, 11:10 11 Айжанат Бақытқызы

Мемлекет басшысы 2029 жылғы экономикалық өсімді екі есе ұлғайту туралы міндет қойғаны мәлім. Оны атқару үшін барлық қалалар мен аудандар резервтерді анықтап, қолда бар даму әлеуетін зерделеуі қажет, деп хабарлайды Altainews kz тілшісі. 

Бұл туралы облыс әкімі Ермек Көшербаев VIII шақырылған Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті XVI отырысында айтып өтті. Сонымен бірге, өнімді өндіру мен тұтыну теңгерімін анықтау қажеттігі тағы бір мәрте көтерілді. Өйткені, тұтынуды саралап алмай, өндіруге кірісу – табысқа жетелемейтін қадам екенін ескеру керек.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа серпінді жобаларды ескере отырып, нақты сектордағы, туризмдегі және басқа да салалардағы экономикалық өсу нүктелерін айқындап берді. Солардың бірі де бірегейі - кәсіпкерлік белсенділік. Кәсіпкер өссе – ел өседі, кәсіпкер көбейсе – жұмыс орны көбейеді, кәсіпкердің табысы өссе – оған жұмыс істейтін әр қазақстандықтың табысы өсіп, әл-ауқаты жақсармақ. Сол себепті де халықтың өнімді және жоғары табысты жұмыспен қамтылуына кәсіпкерлік белсенділік кепіл болмақ.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив