KZ
Өскемен
+2°
облачно с прояснениями жел 10 м/с, ОБ
492.14 528.85 5.01

«7-20-25» бойынша алғашқы жарнаға ішнара ақша бөлінуі мүмкін

16.10.2018, 09:20 159

Өңірде «Тұрғынүй құрылыс жинақ банкінде»  салымы бар, бірақ мемлекеттік көмекке мұқтаж 428 бюджеттік сала қызметкері бар екендігі анықталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


«7-20-25»  бағдарламасының  қолжетімдігін қамтамасыз ету үшін осындай  бюджеттік сала қызметкерлеріне  несиенің алғашқы  жарнасын жергілікті бюджет есебіненен ішнара қаржыландыру мәселесі қарастырылуда.


Осы жөнінде аймақ басшысы Даниал Ахметов қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысында мәлім еткен болатын.


Елбасы Жолдауының үшінші бағыты алдымызға  өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру мақсатын қойды. Баспана- адамның өмір сапасына  әсер ететін басты факторлардың бірі. Алдағы үш  жылда облыста 184 көп қабатты тұрғын  үй пайдалануға берілмек. Бұл өңірдің 16 мыңға жуық тұрғыны баспаналы болады деген сөз,-деп атап өтті аймақ басшысы.


Биыл облысымызда 410,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілмек. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 108 пайызға артық екендігін атап өткен жөн.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив