KZ
Өскемен
+15°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
443.44 480.51 4.88

Жарма ауданында қызмет көрсету орындары артты

16.10.2018, 08:21 166

Жарма ауданында мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде кәсіпкерлік саласы қанат жаюда. Оның ішінде қызмет көрсету ісіне ерекше ден қойылыпты.  


Бұған жармалықтардың бет бұруы тектен-тек емес. Өйткені аудан амағымен республикалық әрі халықаралық маңыздағы жолдар өтеді. Бүгінде республикалық жолдардың бойында «Маралды», «Керуен», «Жол болсын» және «Арнау» секілді ұзын саны 12 қызмет көрсету нысаны (дәмхана, қонақ үйлер) жұмыс істеп келеді.


-Шар қаласы маңында кемпинг құрылысы жүргізілуде. 8 айдың нәтижесіне сәйкес, жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 1684 бірлікті құрап, өткен жылмен салыстырғанда 42 бірлікке артты. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы іске қосылғаннан бері, аудан бойынша барлығы 762, 3 млн теңгеге 16 жобаның пайыздық мөлшері субсидияланды. «Ақ Ниет» бағдарламаларының шарттарына негізделген 3 жобаның аясында, жалпы құны 75 млн теңгенің жобалары жүзеге асырылуда, - дейді аудан әкімі Нұрлан Сыдықов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив