KZ
Өскемен
+12°
пасмурно жел 5 м/с, СБ
483.23 534.74 5.12

Жарма ауданында Омбы-Майапшағай тас жолының бойында «Керуен» қонақүй кешені салынды

3.02.2013, 18:00 192


Жарма ауданында «Туған жерге – тағзым» акциясының аясында кәсіпкерлердің қаржысына бірнеше нысан бой көтерді. Солардың бірін Омбы – Майқапшағай тас жолының бойында кәсіпкер Гүлнәр Атабаева тұрғызып жатыр, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Ол өз қалтасынан 60 млн. теңге шығарып, «Керуен» деп аталатын қонақүй кешенін салған. Кешенге 18 адамға арналған қонақ үй, 50 орындық дәмхана және сауна кіреді. Былтыр іске қосылған жолаушыларға қызмет көрсететін жаңа нысан 20 адамға жұмыс тауып беріп отыр.

Кешеннің ішкі безендірілуін кәсіпкер келіншек заманауи үлгілерді пайдалана отырып, аса жоғары талғаммен жасағандығы алыстан көзге түседі.

Өңір басшысы Б.Сапарбаев ауданға барған іссапар барысында осы кешенге арнайы ат басын бұрды. Облыс әкімі кешеннің ішін аралап, көріп, оң бағасын берді. Үлкен жолдың бойында орналасқан осындай елді мекендерде қызмет көрсету нысандарын әлі де аша түсу қажеттілігін атап өтті.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив