"Саламатты Қазақстан" пойызы ШҚО-ға келіп жетті
«Саламатты Қазақстан» пойызы Шығыс Қазақстандағы Жарма ауданына келіп жетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
ТЖД мәліметіне сүйенсек, дәрігерлер бір күн ішінде 120 адамды қарап үлгерген. Оның ішінде 25-і балалар. Ақ халаттылар ұжымы демалыссыз жұмыс істейтінін естеріңізге саламыз.
ШҚО ТЖД-ның өрт қауіпсіздік бөлімі мен аудандық төтенше жағдайлар бөлімі станциядағы қауіпсіздік шараларын қадағалау үстінде.
Айта кетейік, пойыз Шығыс аймақтарында 11 қарашаға дейін болады.
Оқи отырыңыз